Ақмола облысының полицейлері киікті қорлағандарды іздестіруде
КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат-Ақмола облысының полицейлері əлеуметтік желіде тараған видеодағы әрекетке қатысты «заңсыз аңшылық» бабы бойынша іс қозғап, браконьерлерді іздестіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қорғалжын ұлттық табиғи паркінің директорының арызы бойынша ҚР ҚК 337 бабының 4 бөлімі 1 бөлімшесі бойынша (заңсыз аңшылық) соталды іс қозғалды», деп түсіндірді ІІД баспасөз хатшысы Гүлнəр Пинчук.
Сонымен қатар, баспасөз қызметіндегілер əлеуметтік желіде тараған аталған видеодағы адамдардың іздестіріліп жатқандығын айтты.
Еске сала кетейік, жақында Facebook əлеуметтік желісінде белгісіз адамдардың киіктерді қорлаған видеосы жарияланған болатын. Онда ер адам мен бала тірі жануармен суретке түсіп, кейін жібере салған.
Алдын ала деректер бойынша, оқиға желтоқсанның 1-і күні болған. Осыған орай ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметіндегілер қоғам мүшелерінен видеороликтегі адамдарды анықтауға көмектесуді сұрады.