21:40, 28 Маусым 2018 | GMT +5
Ақмола облысының полицейлері үздік журналистерді марапаттады
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін 28 маусым - Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні Ақмола облыстық ІІД басшысының орынбасары Виктор Букреев республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтап, үздік журналистерді марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ішкі істер органдары қызметкерлерінің оң имиджін қалыптастыру, полиция қызметін объективті түрде дәріптеуде журналистердің рөлі зор», - деді Виктор Букреев құттықтау сөзінде.
Мерекелік шарада департамент басшысының орынбасары қоғамдық тәртіпті сақтауда, құқық қорғау органдарының жұмысын көрсетуде белсенділік танытқан журналистерге «Қазақстан Полициясына - 25 жыл» мерейтойлық төсбелгісін және Алғыс хаттар табыс етті.
Олардың арасында «ҚазАқпарат» ХАА өңірдегі меншікті тілшісі Аслан Оспанов «Қазақстан полициясына - 25 жыл» мерейтойлық төсбелгісіне және ақшалай сыйлыққа ие болды.