Ақмола облысының санэпидемиологиялық қызмет органдарына жаңа автокөліктер берілді
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары жаңа автокөліктер кілтін алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметтерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті республикалық бюджет қаражаты есебінен 132 автокөлік сатып алған. Қызметтік көліктер еліміздің барлық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттеріне бөлінді.
«ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында 9 жаңа автокөліктің кілтін Ақмола облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық бөлімшелері – Астрахан, Бұланды, Бурабай, Есіл, Зеренді, Сандықтау, Целиноград аудандары мен Көкшетау қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары, сондай-ақ Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметі алды», - деді Ақмола облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінен.

Жаңа автокөліктердің кілтін Ақмола облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айнагүл Мусина салтанатты жағдайда табыстады.
«Өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының материалдық-техникалық базасы жыл сайын жақсарып келеді. Осындай қолдаудың арқасында қызметкерлеріміз аймақтағы қолайлы эпидемиологиялық жағдайды сақтау үшін бұдан да үйлесімді жұмыс істеуге тырысады», - деп атап өтті Айнагүл Мусина.
Айта кетсек, Ақмола облысында медициналық мекемелердің жабдықталу көрсеткіші өсті.

Фото: gov.kz