Ақмола облысының табысты азаматтары жетістікке жету құпиясымен бөлісе бастады
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақмола облысында "Табыс тарихы" жобасы бастау алды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі
Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұжымымен ұйымдастырылған шараға қаладағы танымал жəне өз ісінде табысқа жеткен көкшетаулықтар қатысты.
Олардың арасында "Көкшетау" сүт зауыты" ЖШС-нің директоры, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Əсен Жақсылықов, "Зеленстрой" ЖШС-нің директоры Геннадий Осиненко, армрестлингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Илья Ильин жəне "Любимый город" газетінің редакторы Любовь Пистовникова бар.
Шара барысында қонақтар тұлғаның қалыптасуы жəне өмірде өз орнын тауып, табысқа жетуінің сырларымен бөлісті.
Жобаның авторы Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бөлім меңгерушісі Елена Жезлованың сөзіне қарағанда, жоба қала үшін маңызды əрі қажет. Сондықтан, оны қала тұрғындары мен белсенді жастар қолдайтыны сөзсіз.