11:03, 07 Қараша 2017 | GMT +5
Ақмола облысының тұрғыны ұрлық үстінде қолға түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада бейнебақылау камерасы көліктен бөлшектерді ұрлап жатқан күдіктіні түсіріп алған, деп хабарлайды Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі.
Оқиға болған жерге тез арада жеткен Алматы АІІБ криминалдық полицейлері мен жергілікті полиция қызметкерлері 37 жасар Ақмола облысының тұрғынын қолға түсірді.
Тергеу барсыныда ол ұрлық жасамақ болғанын мойындады. Бұл дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тергелуде. Ұсталған азаматтың басқа да осындай қылмысқа қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.