Ақмола облысының тұрғыны ұшақ арқылы бекіре балығын алып өтпек болған

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының тұрғыны ұшақ арқылы бекіре балығын алып өтпек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысының тұрғыны ұшақ арқылы бекіре балығын алып өтпек болған

Орал қаласы стансасы желілік полиция бөлімі мәлім еткеніндей, аталған әйел «Бекіре-2021» жедел алдын алу шарасы барысында әуежайда «Air Astana» әуе компаниясы №980 «Орал-Нұр-Сұлтан» рейсі жолаушыларын тексеру кезінде ұсталды.

Ақмолалық тұрғыннан тиісті құжаты жоқ, жаңадан мұздатылған салмағы 9 кг екі бекіре балығы табылды.

Қазіргі кезде әйелге қатысты ҚР ҚК 339-бабына (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сәйкес сотқа дейінгі

тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адамға мүлкі тәркіленіп, бас бостандығынан айырылуға дейін жаза қарастырылған.