Ақмола облысының тұрғыны жанжал кезінде ағасына пышақ сұғып алды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының тұрғыны туған ағасына пышақ сұғып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысының тұрғыны жанжал кезінде ағасына пышақ сұғып алды

Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылдың 15 желтоқсанында Атбасар аудандық ПБ кезекші бөліміне аудандық аурухананың қызметкері хабарласып, қабылдау бөліміне оң жақта көкірек қуысында пышақ жарақаты бар, мас күйінде 41 жастағы ер адамның түскенін айтқан.

«Анықталғандай, ер адамға туған ағасы пышақ салған. Жәбірленушін анасы және інісімен бірге тұрады. Ер адам жұмыстан үйіне келгенде шешесі мен інісі «ащы су» ішіп отырған. Оларға жәбірленуші де қосылады. Кейін сөзге келіп қалған ағасы інісіне жұдырық ала жүгіреді, ал інісі болса пышақ сұғып алады. Ер адамдар бұрын сотталмаған. Күдікті қылмысын мойындады. Заттай дәйектер алынды», - дейді ведомстводан.

Қазіргі кезде, күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 106- бабы1 бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.