Ақмола облысының тұрғынынан құрамында алтын бар 16 кг кен тәркіленді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының 45 жастағы тұрғынынан құрамында алтын бар 16 кг кен тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысының тұрғынынан  құрамында алтын бар 16 кг кен тәркіленді

Ведомствоның мәліметінше, Степногор қалалық ПБ-не «Қазақалтын» АҚ қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері хабарласып, «Ақсу – 2» карьерінің қорғалатын аумағында заңсыз алтын іздеуші ұсталғанын айтқан.

«Шақыру орнына барған жедел-тергеу тобы қызметкерлері ұсталған адамның Заводской кентінің 45 жастағы тұрғынын екенін анықтады. Заңсыз алтын іздеушіден құрамында алтыны бар 16 килограмм кен тәркіленді. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 269-1 бабының 1 бөлігі бойынша «қорғалатын объектіге заңсыз кіру» сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Іс материалы сараптамаға жолданды, соның қорытындысы бойынша процессауалдық шешім қабылданады», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, Ақмола облысындағы шахтада заңсыз алтын іздеушінің өлімі тіркелді.