Ақмола облысының Жақсы ауданында балықшы суға батып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Жақсы ауданында балық аулау кезінде балықшы суға батып кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Ақмола облысының Жақсы ауданында балықшы суға батып кетті

Қайғылы оқиға Есіл селосында түнгі сағат 01:00 шамасында орын алған. Балық аулап жүрген 1956 жылғы азамат А.Новиков суға батып кеткен. Балықшының денесі таңғы сағат 09:35 шамасында полиция қызметкерлерімен судан шығарылды.