Ақмола өндірушілері Астанаға 497,21 тонна өнім әкеледі

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада 31 қазан күні Ақмола облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

ярмарка
Фото: Астана әкімдігі

Астанадағы «Қазанат» ипподромында 31 қазан күні Ақмола облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Іс-шара бір күнге жоспарланып отыр.

Жәрмеңкеге Ақмола облысының 20 ауданынан тауар өндірушілер қатысып, жалпы көлемі 497,21 тонна болатын өздері өндірген ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерін ұсынады. Оның ішінде:

* ет өнімдері — 154 тонна;
* сүт өнімдері — 31,75 тонна;
* көкөніс өнімдері — 227 тонна;
* шұжық өнімдері мен еттен жасалған жартылай фабрикаттар — 23 тонна;
* басқа да бакалея тауарлары — 62 тонна;
* тауық жұмыртқасы — 150 мың дана.

Жәрмеңкенің мақсаты — елорда тұрғындарын арзан бағада сапалы ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, отандық өндірушілерді қолдау, сондай-ақ өнімді өндірушіден тұтынушыға тікелей жеткізу жүйесін дамыту.

31 қазан күнгі жәрмеңке елордада биыл өтетін соңғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі болмақ.

Іс-шара «Қазанат» ипподромында, Қарқаралы тасжолы, 1 мекенжайында өтеді.