«Ақмола өңірлік гарнизонының үздік жүргізушісі» атағына байқау-конкурстың қорытынды кезеңі болып өтті

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы елордалық десанттық-шабуыл бригадасы автодромының базасында «Ақмола өңірлік гарнизонының үздік жүргізушісі» атағына байқау-конкурстың қорытынды кезеңі болып өтті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Байқау финалында әскери жүргізушілер іс жүзінде өздерінің шеберліктерін көрсетті. Олар КАМАЗ-43114, ГАЗ-3302, ВАЗ-21214 автомобильдерімен мәнерлеп жүргізу және маневр жасау элементтерін, «сегіздіктен», ирек жолдан, жыра көпірінен және серпантиннен мүдірмей өту тапсырмаларын орындады. Төрешілер конкурсқа қатысушыларды бес балдық шкала бойынша бағалады.

Жауынгерлік сайыстың қорытындысы бойынша 83205 әскери бөлімінің аға сержанты Есов Медет үздік әскери жүргізуші Кубогын жеңіп алды. Құрметті екінші орынды 23366 әскери бөлімі старшинасы Ахметов Қолқанат иеленді. Үшінші орын 48411 әскери бөлімі сержанты Орманов Мақсаттың еншісіне тиді. Байқау жеңімпаздары сыйлықтармен және грамоталармен наградталды.

«Әскери жүргізуші кәсібін кең насихаттау мақсатында «Ақмола өңірлік гарнизонының үздік жүргізушісі» атағына байқау-конкурсты жыл сайын өткізу жоспарлануда. Биылғы конкурс әскери қызметшілер шеберлігінің жоғарылығын және армиямыз кәсібилігінің жаңа сапалық деңгейін көрсетті», - деп 83205 әскери бөлімінің командирі полковник Айдар Әбдірахман атап өтті.

Соңғы жаңалықтар