Ақмола партия ұйымының кезекті есептік-сайлау конференциясы өтті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат  - Көкшетауда «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық ұйымының кезекті ХХІХ есептік-сайлау конференциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола партия ұйымының кезекті есептік-сайлау конференциясы өтті

Ақмола облыстық партия ұйымының кезекті ХХІХ есептік-сайлау конференциясы Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауымен тұспа-тұс келіп отыр.

Шараға қатысқан «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Мәлік Мырзалин өзінің баяндамасында активтің атқарушы органдармен, шаруашылық субъектілермен тығыз байланыста белсенді, мақсатты және жүйелі жұмыс істеуінің арқасында Индустриалдық-инновациялық даму жөніндегі, «Жұмыспен қамтудың Жол картасы-2020», «Бизнестің жол картасы-2020», «Агробизнес», «Денсаулық», «Білім», соның ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасы қосылған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламалары табысты іске асырылудып жатқанын атап өтті.

Партияның стратегиялық 10 жоспарын жүзеге асыру туралы айта келе аймақ басшысы ерекше мәнге ие болатын стратегиялық алғашқы 10 жобаға тоқталды. Оның ішінде «Тегін ІТ - балаларға арналған сынып» жобасына назар аударды.

Аталмыш жоба бойынша облыстың 37 жалпы білім беретін мектептерінде негізгі бағдарламаны тереңдетіп оқыту бойынша 62 ІТ сыныбы ашылды. Қазір бұл ІТ сыныбында 900-ден астам бала оқытылады.

Адамдарға нақыт көмек көрсетуде және халықпен керіс байланыс орнатуда қоғамдық қабылдаудың маңызы зор. Биылғы жылдың 10 айының ішінде партияның қоғамдық қабылдауына 4212 өтініш түскен. Тұрғындар арасында «Кездесеміз, талқылаймыз, шешеміз!» акциясын өткізу бастамасы үлкен қолдау тауып отыр. Шараға партияның белсенділері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысып, партия жұмысы туралы өз ой-пікірлерін білдірді.

Конференция барысында «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалы Саяси кеңесінің жаңа құрамы бектіліп, барлық делегаттар мен шақырылғандардың қатысуымен алғашқы ұйымдастыру отырысы өтті.

Шара соңында аймақ басшысы партияның бірқатар мүшелерін белсенді қоғамдық жұмысы үшін марапаттады.