Ақмола полицейлері белгісіз ер адамның мәйітін анықтау үшін халықтан көмек сұрады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының полицейлері тұрғындардан белгісіз ер адамның мәйітін анықтау жөнінде көмек сұрауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола полицейлері белгісіз ер адамның мәйітін анықтау үшін халықтан көмек сұрады

Ведомствоның мәліметінше, Целиноград аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері сәуірдің 8-де Ақмол ауылы маңынан мәйіті табылған белгісіз ер адамның кім екенін анықтау бойынша шараларды жүзеге асырып жатыр

«Белгілісі - ер адамның бет-бейнесі еуропалық, бойы - 168-170 см. Жас шамасы 40-60 жас аралығында. Арықша келген. Шашы ақшыл сары, қасында қалың, жақ тұсында қылы бар. Өзге ерекше белгілері жоқ.

Тірі кезінде оң жақ өкпе обырымен, 4-деңгейдегі бауыр ісігі, өт тасы және шап жарығымен ауырған.

Ер адам үстіне қоңыр түсті тон, қара-сұр түсті джинсы шалбар, қара түсті гамаш, қара түсті қысқа жең жейде, ақшыл сары күртеше, қара және қара-көк түсті шұлық, 43 өлшемді резеңке калош киген», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
null

Полиция қызметкерлері тұрғындардан ер адамға қатысты қандай да бір мәлімет білетін болса, Целиноград ауданының ПБ кезекші бөліміне (Ақмол ауылы, Линейная көшесі 1 «А») немесе 8-716-51-25-00-2 телефоны арқылы хабарласуын өтінеді.