Ақмола тұрғындарына тегін заңгерлік көмек көрсетілуде

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласындағы «РИО» ойын-сауық орталығында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заңгерлік көмек көрсету мақсатында «Халық заңгері» акциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола тұрғындарына тегін заңгерлік көмек көрсетілуде

Акция Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Zakon.kz ақпараттық жаңалықтар порталымен және «Параграф» ақпараттық жүйесімен бірлесіп ұйымдастырды.

Халыққа тегін жоғары білікті көмек көрсету үшін түрлі салалардың 40-тан астам кәсіби заңгерлері тартылды. Олардың ішінде танымал қорғаушылар, нотариустар, сот орындаушылары, полиция қызметкерлері, әділет департаменті, көші-қон полициясы қызметшілері, мемлекеттік органдардың басшылары және тағы басқалары бар.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы  Берген Беспалиновтың айтуынша, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруда аталмыш шараның маңызы зор.null 

«Заңгер мамандығы барша әлемде әлдеқайда құрметтелетін және қажет етілетін мамандықтар қатарынан табылады. Біз құқықтық мемлекетте өмір сүреміз және әрбір азамат өз құқықтарын білуі және оның бұзылмауын талап ете білуі тиіс. Бүгін әрбір азаматтың білікті заңгерлік көмек алуға құқығы бар. Біздің міндет - халыққа қызмет, демек, біздің міндетіміз - азаматтардың барлық қажетті ақпаратқа қол жеткізуі үшін бар күшімізді салу, мәселелерін шешу үшін әрі қарай дұрыс бағыт-бағдар беру» - дейді Берген Беспалинов.null 

Акция барысында облыс тұрғындары жер мәселесі, мүгедектілікті тағайындау, салықтық төлемдер, әлеуметтік қорғау, сот актілерін орындау, зейнеткерлік төлемдер, неке шартын бұзу үдерістері, мүлікті бөлісу тәрізді мәселелерге қатысты тегін заңгерлік көмек алды.

null