Ақмола тұрғыны тағамға қосатын көкнәрден есірткі жасаған

АСТАНА. ҚазАқпарат – Полиция Ақмола тұрғынынан аса ірі мөлшерде экстракциялық апиын тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
None

Бурабай ауданы ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері 25 қаңтар күні бұрын сотталған Щучинск қаласының 38 жастағы тұрғынын ұстады. Ол жұмыс орнында тағамға қосатын көкнәрден экстракциялық апиын жасап, оны өзі пайдаланған.

Күдікті қонақүйлердің бірінде ағаш ұстасы болып жұмыс істеген. Тәртіп сақшылары есірткі жасауға арналған ыдыстарды, дайындалған апиын салынған полимерлі бөтелкелерді, сондай-ақ инелерді тәркіледі. Сараптама тағайындалып, экстракциялық апиынның көлемі 2,5 литрден асатыны анықталды.

Ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК 296-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды (есірткі құралдарын ірі мөлшерде заңсыз сақтау).



Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Соңғы жаңалықтар