Ақмола тұрғыны жұмыс берушісінің заттарын ұрлап келген

ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша ағымдағы жылдың сəуір айында Атбасар қаласының 1989 жылғы тұрғыны аудандық ІІБ кезекші бөліміне арызданған.
Зардап шегушінің сөзінше, белгісіз біреулер оның үйінде жоқтығын пайдаланып, 250 мың теңгенің құнды заттарын үптеп кеткен.
"Жедел іздестіру шарасы барысында зардап шегушінің ыстау цехында әртүрлі жұмыстар істеп келген 1986 жылғы күдікті ұсталды.
Тергеу амалдары кезінде күдікті қылмысын толық мойындады. Оның өз қожайынының үйінен бұған дейін де құнды заттарды алып кетіп отырғаны анықталды. Күдікті ақшамен бірге ұялы телефон жəне фотоапаратты қолды қылған. Кейін ұрланған заттарды Астана қаласында бейтаныс адамдарға сатып жіберіп отырған", - деп көрсетілген хабарламада.
Қазіргі кезде күдіктінің үстінен ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.