Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарынан Ресей Федерациясына ет әкелуге қойылған шектеулердің күші жойылды
АСТАНА. 27 қазан. ҚазАқпарат - Ақмола және Батыс-Қазақстан облыстарынан Ресей Федерациясына ет әкелуге қойылған шектеулердің күші жойылды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Бұл шешім Мәскеуде өткен Ресей және Қазақстанның ветеринариялық қызметкерлерінің бірлескен кеңесінде Россельхознадзордың ветеринарлық қызметімен ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетімен жіберілген Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында аусыл бойынша оң статусты қалпына келтіру аясында қабылданған шаралар туралы ақпаратты қарастыру нәтижесінде қабылданды.