Ақмола және Павлодар облыстарының автожолдары жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұрқасынға байланысты Ақмола және Павлодар облыстарының автожолдары жабылды, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.
Мекеменің хабарлауынша, 19 желтоқсан күні 11:20-да ауа райы жағдайының күрт нашарлауына байланысты (бұрқасын) барлық көлік түрлеріне «Астана-Щучье» автожолының бөлігі жабылды. Дәл осы себепттен, 13:20-дан бері «Астана-Павлодар» автожолының бөлігі барлық көліктер үшін жабық. Ақмола облысында 11:00-ден бастап, «Астана-Петропавл» (Астана-Щучье, 18-231 шақырым) автожолының бөлігі жабылды.
13:30-дан бастап, ауа райының қолайсыздығына байланысты (күшті жел, қар, бұрқасын, көріністің нашарлауы) барлық көлік түрлері үшін «Жезқазған-Петропавл» (Қостанай облысы мен СҚО шекарасы, 377-595 шақырым), «Астана-Ерейментау-Шідерті» (Астана мен Павлодар облысының шекарасы, 16-205 шақырым) автожолдары жабылды.
Павлодар облысында 13:45-тен бері «Астана-Ерейментау-Шідерті» (Шідерті ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін 205-259 шақырым) автожол бөлігіндегі жол қозғалысы тоқтап тұр.