Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында егін жинау науқаны әлі аяқталған жоқ - АШМ

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Биылғы жауын-шашын мөлшері көп жылғы көрсеткіштен 30 пайызға жуық артық болғандықтан, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында егін жинау науқаны әлі аяқталған жоқ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлімдеді.
None
None

Оның айтуынша, биылғы егін жинау науқаны ауа райының қиын жағдайларында өтті.

«Шілденің екінші жартысынан бастап жауған мол жауын-шашын дәнді дақылдардың пісіп-жетілуінің созылуына, егістікке белдеуліктің және қосымша өскіндердің пайда болуына, арамшптің көбеюіне әкеліп соқтырды. Егін жинау кезеңіндегі көпжылғы орта көрсеткіштен 30% артатын жиі жауын-шашынға байланысты қазіргі уақытқа дейін Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында егін жинау жұмыстары аяқталған жоқ, астық тазалау мен кептіру жұмыстары ұлғайды», - деді А. Мамытбеков.

Министрдің мәліметінше, бүгінгі таңда республика бойынша дәнді дақылдар жиналатын алқабының 15,6 млн. гектары немесе 99,3% бастырылып, гектарына 13,3 центнер өнімділікпен бастапқы салмақпен 20,8 млн. тонна астық жиналды. 114,6 мың га дәнді дақылдар алқабын жинау қалды.

Сондай-ақ, А. Мамытбековтің айтуынша, майлы дақылдар алқабының 73%, қант қызылшасының 83%, көкөніс-бақша дақылдары мен картоптың 97% жиналды.

Соңғы жаңалықтар