Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы су қоймалары 100% толып тұр

су қоймасы
Фото: gov.kz

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі елдегі су қоймаларындағы жағдай бойынша осы уақыттағы мәліметтерді жариялады.

Ақмола облысындағы Астана және Сілеті су қоймалары 100%-ға толған. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы, өңірде су тасқыны жалғасып жатыр. Сергеев су қоймасы бөгетінің жотасынан судың асу биіктігі 3,6 метр.

Осы сағатқа Петропавл қаласы шегіндегі Есіл өзенінің деңгейі - 1270 см, ол бір тәулікте 4 см-ге төмендеді.

Ақтөбе облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 97%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші шамамен 81%.

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 63%-ға толды. Өңірде су тасқыны жалғасуда. Шүлбі су қоймасына бүйірлік ағындардың ұлғаюына байланысты табиғатты қорғау іс-шараларына су жіберу жұмыстары жалғасуда. Ертіс каскадының су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Батыс Қазақстан облысындағы төрт ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 86%. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Қарағанды облысындағы 3 ірі су қоймасы 98,5%-ға толы. Олардың барлығы да штаттық режимде жұмыс істейді.

Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істеп жатыр.

«ШҚО мен БҚО-дан басқа барлық өңірлерде су тасқынының белсенді кезеңі өтті. Су қоймаларында тәулік бойы кезекшілік және су шаруашылығы жағдайының мониторингі жалғасуда»,-делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар