Ақмолада 6 балабақша, 14 мектеп салынып жатыр – әкім

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ақмола облысында 85 мектептің жөндеу жұмыстарына облыс қазынасынан 8,6 млрд теңге бөлінді. Облыстағы білім ордаларының жай-күйі туралы өңір әкімі Ермек Маржықпаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Оның айтуынша, мектепке дейінгі және орта білім беру – маңызды сала болып қалып отыр.

«Екі жастан алты жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиелеумен 100% қамту бойынша міндеттерді шешу жалғасып жатыр. Қазір облыс бойынша бұл көрсеткіш 86% құрайды, жыл соңына дейін оны 88%-ке жеткізу жоспарланған. Биыл 313 орынға 2 балабақша ашылды, 1706 орындық тағы 6 балабақшаның құрылысы жалғасып жатыр», - деді Е. Маржықпаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Сонымен бірге, өңір әкімі мектептердің инфрақұрылымын дамыту білім беру сапасына тікелей ықпал ететінін атап өтті.

«Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 85 нысанға күрделі және кезекті жөндеу жүргізу үшін облыстық бюджеттен 8,6 млрд теңге бөлінді, ол өткен жылғы деңгейден үш есе артық. 5,5 мың оқушы орнына 14 мектептің, сонымен қатар үш ауысымды оқытуды жою шеңберінде 2 мектептің құрылысы жалғасуда. Оның ішінде, жыл соңына дейін 2 мыңнан астам оқушы орнына 7 мектеп пайдалануға беріледі және 2024 жылы тағы 7 мектеп ашылады», - деді әкім.

Сонымен қатар, облыста «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін 26,5 мың оқушы орнына 20 мектеп салу жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар