Ақмолада әлеуметтік осал топтағы отбасылар баспаналы болды

пәтер берді
Фото: Бурабай ауданы әкімдігі

Тәуелсіздік мерекесіне орай Бурабай ауданында халықтың әлеуметтік осал топтары санатына кіретін тұрғындарға 11 пәтердің кілті табыс етілді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Баспаналы болғандардың арасында зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар және толық емес отбасылар бар.

пәтер берді
Фото: Бурабай ауданы әкімдігі

«Баспана кезегінде тұрғындарды сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету — халықтың әлеуметтік осал топтары санатына үлкен қолдау. Пәтерлер республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынды, мұндағы басты талап — бір пәтердің құны 9,6 млн теңгеден аспауы тиіс», — деді Бурабай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Ай сайынғы жалдау ақысы пәтердің ауданына байланысты анықталады.

Коммуналдық төлем мен үйді күтіп ұстау қызметтері қосымша төленеді.

Жеңілдікті шартпен жалға алу бұрын жеке тұлғалардан айына 70 000-нан 120 000 теңгеге пәтер жалдап келген отбасыларға қаржылық жүктемені айтарлықтай төмендетеді.

кілт
Фото: Бурабай ауданы әкімдігі

Пәтер кілтін алғандардың кейбірі жеңілдетілген баспананы 15 жылдан астам уақыт күткен.

Әкімдік әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды жалға берілетін пәтермен қамтамасыз ету жұмысын жалғастыра бермекші.

пәтер берді
Фото: Бурабай ауданы әкімдігі

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында жаңа мектеп пайдалануға берілген еді.

Соңғы жаңалықтар
telegram