14:48, 14 Мамыр 2019 | GMT +5
Ақмолада Әміржан Қосановты қолдауға арналған «дөңгелек үстел» өтті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ҚР Президенттігіне үміткер Әміржан Қосановты қолдауға арналған «дөңгелек үстел» өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат кандидаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Степногор қаласындағы мәдениет сарайында үміткердің облыстық штабының мүшелері және сенімді өкілдері ел алдында сөз сөйлеп, сайлауалды платформасын таныстырды.
Жиынға 40-қа жуық адам қатысты. Кездесу модераторлығын облыстық сайлауалды штабтың басшысы Дархан Шөгшір атқарды. Кездесу барысында платформаның негізгі бағыттары талқыланып, қоғам белсенділері, білім беру саласының қызметкерлері, жастар мен қарапайым тұрғындар өз пікірлерін ортаға салды. Атап айтқанда, қатысушылар халықты рухани тұрғыда өркендету туралы тармақтарды атап өтті.
Пікірлесу барысында қатысушылар өзекті сұрақтарына штаб мүшелері мен сенімді өкілдер тарапынан жауап алды. Кездесу соңында қатысушылар естелік суретке түсті.