Ақмолада аптап ыстық пен жаңбыр астықтың шығымына кері әсер етті

ақмола
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында егін жинау науқанын өткізудің өзекті мәселелері, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу шаралары қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Егін жинау науқанының жағдайы туралы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Кенеш Әлімжанов баяндама жасады.

«Егін жинауға 16 мыңнан астам техника жұмылдырылды, диқандарға 90,5 мың тоннаға жуық кепілдендірілген дизель отыны бөлінді. Жаңа түсіп жатқан астық 72 астық қабылдау кәсіпорнына тасымалдануда. Бүгінгі таңда 1,6 млн гектар алқапта дәнді дақылдар бастырылды, орташа өнімділігі 5,6 ц/га шамамен 873 мың тонна астық жиналды», — деді Кенеш Әлімжанов.

Басқарма басшысы атап өткендей, бүкіл вегетациялық кезеңдегі өте жоғары температура, сондай-ақ толассыз жаңбыр дәнді дақылдар өнімділігі мен сапасының төмендеуіне айтарлықтай кері әсер етті.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша егін жинау науқанын өткізу және аграрларды қолдау мәселелерін жедел шешу үшін облыстың ауа-райынан зардап шеккен барлық өңірлерінде барлық мүдделі органдар мен ұйымдарды қоса отырып, салдарлардың ауқымын айқындау үшін жұмыс комиссиялары құрылды.

Астық қабылдау кәсіпорындарының жұмысы тәулік бойы жүзеге асырылады, аудандардың карантиндік қызметтерінің мемлекеттік инспекторлары астықтың сандық-сапалық сипаттамаларын талдау бойынша жұмысты уақтылы жүргізеді.

астық
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» 2024 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге арналған тұқым қорын қалыптастыру және осы тұқымды элеваторларда сақтау мәселесін шешуде.Аймақ басшысы бүгінгі таңда негізгі міндет егін жинау науқанын жүргізу және қолайсыз ауа райы жағдайларының салдарын барынша азайту жөнінде шаралар қабылдау болып табылатынын атап өтті. «Өкінішке қарай, табиғи-климаттық жағдайлар егін өнімділігіне айтарлықтай кері әсер етті. Соған қарамастан, мемлекет егін жинау науқанын қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады», — деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Сонымен бірге, отырыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу жөніндегі шаралар туралы мәселе қаралды.

Кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Ербол Оспановтың мәліметінше, биылғы жылдың басынан бастап жедел штабтардың 172 отырысы өткізілді, онда бағаның өсуін тежеу мәселелері қаралды.

Өңдеу өнеркәсібі, көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындары араларында әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу туралы 1168 меморандум жасалды, 240 жәрмеңке өткізілді, онда 1 043 млн теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі сатылды.

ақмола
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы орта есеппен 3,8 пайызға өсті.

Өсімнің негізгі себептері — сату бағасының өсуі облыста инфляция қарқынын төмендету мақсатында 2023-2024 жылдарға арналған инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешені іске асырылуда, ол өнім өндіру көлемін ұлғайту, сыртқы сауданы реттеу, монополияға қарсы ден қою және бірқатар жүйелі шараларды көздейді.

Бүгінгі таңда тауарлар қоры 5451 тоннаны құрайды, форвардтық шарттар шеңберінде 5499 тонна көкөніс, сондай-ақ 1000 тонна ұн, 748 тонна күріш, 350 тонна күнбағыс майы, 2080 тонна қантқа келісімшарт жасалды.

Төмендетілген бағамен негізгі әлеуметтік маңызы бар тауарлар «Kokshe» ӘКК «KOKSHE MARKET» сауда желісінің төрт әлеуметтік павильонында ұсынылған.

Айта кетсек, қазіргі уақытта азық-түлік тапшылығы байқалмайды, негізгі азық-түлік тауарларының қоры жеткілікті мөлшерде бар.

әкімдік
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

 

Соңғы жаңалықтар