Ақмолада астық тасымалдау мәселесі талқыланды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында астық және астық өнімдерін жөнелту, тасымалдау және астық қабылдау орындарына жеткізіп беру бойынша іс-қимылды үйлестіру және қамтамасыз ету мәселелері бойынша штаб құрылып, жұмыс істеуде. Бұл туралы өңірлік кәсіпкерлер палатасында өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Биылғы жылы да облысымызда егін бітік шығып, ел ырзығы молайғалы тұр. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының дерегі бойынша биыл өңірде 5,5 миллион тоннаға жуық астық жиналады деген болжам бар. Ал енді сол мол астықты дер кезінде жинап, сақтап, кептіріп, игілікке асыру да ұшан-теңіз жұмыс. Биылғы ауа райының ерекшеліктеріне байланысты жайқалып шыққан егінді уақтылы орып, мол астықты ысырапсыз жинап алу мәселесі де үлкен жауапкершілікті қажет етіп тұр.

«Осы мақсатта 2017 жылдың қараша айында «Атамекен» ҚКП мен («Қазақстан темір жолы - жүк тасымалы» АҚ-ның арасында ауыл шаруашылығы өнімдерін республика ішінде және экспортқа сыртқа тасымалдауды ұйымдастыру туралы әріптестік бойынша келісім жасалды. Осы мақсатта ағымдағы жылдың шілде айында астық және астық өнімдерін жөнелту, тасымалдау және астық қабылдау орындарына жеткізіп беру бойынша  іс-қимылды үйлестіру  және қамтамасыз ету мәселелері бойынша штаб құрылды. Оған жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кіріс органдарының, «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ-ның құрылымдық бөлімшелерінің және өңірлік кәсіпкерлер палатасының қатысуымен жұмыс штабы құрылды», - деп атап өтті Ақмола өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нахипбеков брифингте.

Бұған қоса, кәсіпкерлерден басқа, «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ, «Астық Транс» АҚ және олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылығымен бірыңғай WhatsApp-чаты құрылды. Сол себепті кәсіпкерлер өздерінің сұрақтары және проблемалары болса Call-орталыққа, жедел желі: 7 (7162) 722-547, 292-712 («Қазақстан темір жолы - жүк тасымалы» АҚ-ның Ақмола облыстық филиалы) немесе 7 7017987488 (ватсап) телефон нөмірі арқылы хабарласа алады.

Сонымен қатар,  «Қазақстан темір жолы - жүк тасымалы» АҚ-ның Ақмола облыстық филиалы директорының орынбасары Балғабек Ақпейісов астық тасымалдауға вагондар құрамы жеткілікті екенін айтып, былтырғы жылға жағдай қайталанбайтынын жеткізді.

«Вагондар бізде жеткілікті. Қазір бір қосымша Беларусь, Грузин және Әзербайжан елдерінен астық тасымалдаушыларын тарту мәселесін қарастыратын боламыз. Сондықтан, астық тасымалдауда мәселе туындамауы тиіс. Оған қоса, біз жабық вагондарды пайдаланатын боламыз.  Қазіргі кезде Алашонькоу  арқылы Қытай бағытында жүк жөнелту сынықтан өткізіліп жатыр. Орақ науқаны кезінде бізге Ресей, Украина және Беларусь елдерінің қозғалмалы құрамы жеткізіледі. Сондай-ақ, контейнер арқылы тасымалдау да қолға алынуда. Жыл басынан бері 1070 астам вагонға жүк тиелді, бұл 2200 контейнер.  Бұл өте қолайлы. Жалпы, айтқанда астық тасымалының көлемі ұлғайтыла бермек», - деп толықтырды Балғабек Ақпейісов.

Соңғы жаңалықтар