Ақмолада асыл тұқымды сиыр ұрлаған малшы мен оның танысы ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Ерейментау ауданында асыл тұқымды үш бас ірі қара ұрланып, мал иесіне 1,5 миллион теңге шығын келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, мал ұрлығы ағымдағы жылдың тамыз айында Ерейментау ауданындағы шаруашылықтардың бірінде болған. Жедел іздестіру шарасы барысында аудан аумағында абердин-ангус тұқымды үш бас ірі қараның жоғалғаны анықталды. Шаруашылық басшысына келтірілген шығын көлемі 1,5 миллион теңгеден астам деп бағаланды.

«Қылмысқа шаруашылық малшысы мен оның танысының қатысы бар болып шықты. Тәртіп сақшылары күдіктілердің бір ай ішінде асыл тұқымды үш бас малды ұрлап, етке өткізгенін анықтады. Айғақ ретінде полиция қызметкерлері күдіктілерден ұрланған малдың терісін тәркіледі және қылмыстарын мойындағаны туралы түсініктеме алды», - дейді Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.

Ведомстводан атап өткендей, малшының аталмыш серіктестік аумағында орын алған өзге қылмысқа да қатысты бары анықталды. Малшы шаруашылыққа тиесілі 7 бас бұзауды ұрлап, оның 4-ін сатып жіберген.

«Қазіргі кезде барлық оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп толықтырды ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар
telegram