Ақмолада балалар үйірмелерге тегін бара алады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Енді 4-17 жас аралығындағы балалар өздерінің сүйікті үйірмесіне тегін бара алады. Жоба аясында Ақмола облысының балалары үшін жұмыстың 58 бағыты қолжетімді болмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысының Мәдениет, архивтер және құжаттамадар басқармасының басшысы Айгүл Сәбитованың айтуынша, жобаның негізгі міндеті – балаларға ыңғайлы жақын жерде орналасқан үйірмелерде тегін айналысуға мүмкіндік беру.

«Жоба толығымен цифрлық форматта artsport.edu.kz порталында іске асырылады. Портал шығармашылық үйірмелерге қатысуға ваучер алу үшін қызмет көрсетушілердің, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтінімдерін тіркеуге және рұқсат беруге әзірленген. Балалар үшін үйірмелердің 58 бағыты қолжетімді болады. Ақмола облысында бағдарламаны жүзеге асыруға биылғы жылдың соңына дейін 134,5 млн теңге бөлінді. Сабаққа 4 жастан 17 жасқа дейінгі балалар қатыса алады», – деді А.Сәбитова.

Ведомство жұмыстың қалай өтетінін түсіндірді. Барлық қажетті талаптарға сәйкес келетін кәсіпкер порталда тіркеліп, өтінім жібереді. Оның мақұлдауынан кейін порталда тіркелген ата-аналар баласының таңдаған үйірмеге баруына өтініш береді. Рұқсат ваучерді алғаннан кейін балалар таңдаған үйірмесінде тегін айналыса бастайды, кәсіпкер мемлекеттен оқу ақысын төленеді.

Авторы Оксана Матасова

Соңғы жаңалықтар