Ақмолада бес күнде 47 мас жүргізуші ұсталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында бес күннің ішінде 600-ден астам жол-қозғалысы ержесі бұзылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметінен сілтеме жасап.

Ақмолада бес күнде  47 мас жүргізуші ұсталды

Ведомствоның дерегі бойынша, жүргізушілердің көліктік тәртібі, жол-көлік оқиғаларын азайту, сондай-ақ, жол қозғалысы ережесінің бұзылуын ескерту мақсатында қолға алынған шара барысында 600-ден астам жол-қозғалыс ержесі бұзылғаны анықталды.

«Облыста 2303 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. Оның ішінде көпке ортақ жол қозғалысы ережесін сақтамаудың 47 жүргізушінің алкольдік ішіп көлік жүргізуімен байланысты. Сонымен бірге, жылдамдықты шамадан тыс арттырудың-347, қауіпсіздік белдігін тақпау -407, құжатсыз көлік жүргізген 94 оқиғасы тіркелген. Жол-қозғалыс ережесін сақтамаған 412 жаяу жүргіншіге әкімшілік жаза қолданылды», - дейді ведомстводан.

Көкшетау қаласының 50 жастағы тұрғыны «Toyota Sprinter Carib» көлігімен жолдың шетіне шығып, жарық бағанына соғылған. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақышлары ер адамның масаң күйде екеніне көз жеткізді.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары акция кезінде жолаушылар тасымалының қауіпсіздігіне де көңіл бөлінгенін айтуда.

«Есіл ауданының тұрғыны ВАЗ 21150 көлігімен рұқсат құжатынсыз жолаушы тасымалдағаны анықталды. Осыған байланысты ер адамның үстінен ҚР ӘҚбК 463 бабының 1бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», -деп толықтырды полиция.