Ақмолада білім беру мекемелерінде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылғаны анықталды

Денис Шелкоплясовтың айтуынша, облыс аумағындағы білім беру нысандары жыл сайын өрт қауіпсіздігіне тексеріледі.
«Жалпы, облыс аумағында 855 білім беру нысаны орналасқан. Оларды тексеру кезінде өртті анықтау және сөндіру жүйесінің, өрт сөндіру құралдары және өртке қарсы сумен жабдықтау, эвакуация және пешпен жылыту жолдарының, сондай-ақ электр желілерінің жағдайына назар аударылды.
Тексеріс қорытындысы бойынша өрт қауіпсіздігі ережесіне сай 111 нысанның жұмыс істеп тұрғаны анықталды. Оның ішінде 79-ы жалпы білім беру мекемелері, 1-і интернат, 27-і балалардың мектепке дейінгі мекемесі және 4-і колледж.
Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі саласында ереже және техникалық регламенттің бұзылғаны да белгілі болды.
«Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 631 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 598 адамға ескерту жасалды және 33 тұлғаға жалпы көлемі 853 мың 775 теңге айыппұл салынды. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасуда», - деп атап өтті Денис Шелкоплясов.