Ақмолада бір тәуліктің ішінде 40 адам судан құтқарылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабай және Зеренді аудандарында бір тәуліктің ішінде 40 адам судан құтқарылды, оның 10 - бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмолада бір тәуліктің ішінде 40 адам судан құтқарылды

Ведомствоның мәліметінше, шілденің 6-да Бурабай және Зеренді аудандарының курортты аймақтарында 40 адам судан құтқарылған.

«Бурабай көлінде демалып жатқан 35 адам (оның ішінде 10 бала) құтқарылды. Оқиға адамдар баржамен жүзіп жүргенде орын алған. Жағадан алыстап кеткен электр қозғалтқышты баржаның аккумуляторы отырып қалды. Сондықтан, демалушылар өз күштерімен жағаға шыға алмады. Сол кезде, жаңбыр жауып, қатты жел тұрған. Екпінді толқыннан баржа шайқалып, адамдардың суға кету қаупі туды», дейді ведомстводан.

null

Демалушылар сағат 19.30 шамасында «112» нөміріне қоңырау шалған. Арада бірер минут өткенде оқиға орнына құтқарушылар да келіп жеткен.

«Жедел шаралар кезінде 35 адамның барлығы құтқарылып, жаға жеткізілді», деп толықтырды ведомствоның баспасөз хатшысы Динара Есенбаева.

Сол күні Зеренді көлінде үрлемелі матраспен жүзу кезінде жағадан алыстап кеткен 5 адам құтқарылған.

null