Ақмолада Біржан сал ауданының 90 жылдығы тойланды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат  - Ақмола облысында Біржан сал ауданының 90 жылдығы аталып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 13 желтоқсандағы, яғни Тәуелсіздік  мерекесі қарсаңындағы Жарлығымен Еңбекшілдер ауданының атауы Біржан сал ауданы деп өзгертілген болатын.

Біржан сал атындағы мәдениет сарайындағы салтанатты мәжіліс «Біржан сал елі» фильмінің тұсаукесерімен басталды. Кең көлемді туындының шығармашылық ұжымы (сценариін жазған Мұратбек Оспанов) ауданның 90 жылдық тарихынан таратып бес тараулық туындыны ұсынып отыр.

Шарада Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің құттықтауын жеткізген өңір басшысының орынбасары Қанат Ыдырысов ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысындағы жетістіктері ел абыройын көтеруге септесіп жатқандығын атап өтті.

«Тарихи тұлғалар тәрбиелеген Біржан сал елі қазақ мәдениетінің шамшырағы болумен қатар, Елбасының стратегиялық бағыттарын жүзеге асыруда өнеге таныта беретіндігін дәлелдеуде. Мұнда заманалық агрокешен құрылып, индустриялық-инновациялық үрдіс мақсаткерлік сипатқа ие. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Өркен-Атансор» темір кенішін, «KazBeef LTD» озық үлгідегі ірі қара бордақылау кешенін ашуы өңірдің әлеуетін көрсетеді», дей келе, Қанат Мұратұлы ауданның бір топ тұрғынына облыс әкімінің Алғыс хатын тапсырды.

Сонымен қатар, аудан әкімі Ермек Нұғыманов та жұртшылықты толағай тоймен құттықтап, елдің өркендеуіне салмақты үлес қосқан азаматтарды арнайы дайындалған мерекелік медальдармен марапаттады.

Салтанатты шара мәдени және ұлттық спорт түрлері бойынша ұйымдастырылған бағдарламаға ұласты.

null null null null 

Соңғы жаңалықтар