Ақмолада дəлме-дəл егіншілікте енгізілген жаңа технологиялар таныстырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа технологиялардың бірі - John Deere заманауи комбайнына Премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев мініп көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ақмолада дəлме-дəл егіншілікте енгізілген жаңа технологиялар таныстырылды

«Комбайнда емес, керісінше тікұшақта отырғандай сезімде боласың. Іші компьютер және басқа да басқару құралдарымен жабдықталған. Аталған техника цифрландыруға толық жауап беріп қана қоймай, сонымен қатар жоғары өнім алуға мүмкіндік береді. Біз бүгін тек қана комбайн емес, дəлме-дəл егіншілікте енгізілген басқа да технологиялармен танысып шықтық. Одан бөлек, əдеттегі егіншілік пен дəлме-дəл егіншіліктің айырмашылығын көрсетті. Шынымен де, айырмашылық айтарлықтай. Жаңа технологияларды енгізу нəтижесінде, өнім көлемін əдеттегіден 30-40%-ға артық өндіруге болады. Бұл - цифрландырудың нəтижесі мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің Елбасы тапсырмасын орындауының дəлелі», - деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы базасында дəлме-дəл егіншілік тақырыбына арналған конференция өтіп жатыр.