Ақмолада хабар-ошарсыз кеткен ерлі-зайыпты қариялар астанадан табылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола полицейлері ауыл тұрғынының қарт ата-анасын іздеп тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмолада хабар-ошарсыз кеткен ерлі-зайыпты қариялар астанадан табылды

Облыстық полиция департаменті таратқан мәліметке сенсек, Целиноград ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне ауылдардың бірінің 49 жастағы тұрғынынан хабар түскен.

Ер адам бір күн бұрын автобуспен Нұр-Сұлтан қаласының емханасына кеткен 78 және 80 жастағы ата-анасын іздеуге көмек көрсетуді сұрады.

Өтініш берушінің айтуынша, ата-анасында ұялы телефон болмаған.

Жоғалған адамдардың тұратын жерін анықтау мақсатында полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын ұйымдастырып, қарт адамдар туралы бағдар жолдады.

Іздеу барысында полиция қызметкерлері аулаларды аралап, сауда орталықтарын, адамдар көп жиналатын орындарды, тәулік бойы жұмыс істейтін дүкендерді, медициналық мекемелерді тексерді, қарт ерлі-зайыптыларды көрген адамдар анықталды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде зейнеткерлер 26 тамыз шамамен сағат 11.00-де елордадағы ірі сауда орталықтарының бірінен табылды.

Кейінірек қарт ерлі-зайыптылардың өздері айтқандай, олар қалада ескі достарын кездестіріп, солардың үйіне қонаққа барған.

Олар уақыттың қалай өткенін байқамай, жақындарына қайда жүргенін ескертуді ұмытып кеткен. Қазіргі уақытта зейнеткерлер үйінде.