Ақмолада із-түзсіз жоғалған 26 жастағы ер адам іздестірілуде

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 26 жастағы ер адам іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«Туысы Өмірхан Ирқанұлы Кенжеғазының айтуынша, 1993 жылы туған ердам 2019 жылдың 30-шы қыркүйегінде сағат 11:00 шамасында үйінен шығып кектен. Содан бері хабарсыз, қайтып оралмаған. Қайда жүргені белгісіз», дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Полицияның мәліметінше, ер адамның оң жақ бет тұсында тыртығы бар. Бойы 170-175 сантиметр. Дене бітімі арықша келген. Шаштары қара, көздері қоңыр. Үстіне қара-көк түсті «Классик» жазуы бар күртеше, қара көйлек, көк шалбар киген. Оны көрген немесе жүрген жерін білетін адамдар болса, полицияның кезекшілік бөліміне 29-10-07, 29-90-10 телефон нөмірі немесе 102 арнайы желісі арқылы хабарласуына болады.

Соңғы жаңалықтар