Ақмолада қар қоршауында қалған хал үстіндегі әйел ауруханаға жеткізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмолалық құтқарушылар хал үстінде жатқан әйелді ауруханаға жеткізді. Қардың қалыңдығынан құтқарушылар арнайы техниканы қолдануына тура келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
None
None

6 ақпан күні департаменттің бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне азамат Қ. Қайыров хабарласып, Жаңа Қарабауыр ауылында 1950 жылы туған ауыр жағдайда жатқан әйелді Бурабай ауданының орталық ауруханасына жеткізу қажеттігін айтады.

Науқасты ауруханаға жеткізу үшін жіберілген «жедел жәрдем» көлігі қалың қардан өте алмаған. Ал жолдың қарын күреуге жіберілген трактордың дизель жанармайы қатып қалған.

Осыған байланысты, науқасты ауруханаға жеткізу үшін департаменттің жедел құтқару жасағын Қызылағаш ауылының терапевтімен бірге «Трэкол» арнаулы техникасымен жіберуге шешім қабылданды.

Әйел ауруханаға жеткізіп жатқызылды, қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Соңғы жаңалықтар