Ақмолада қария мен қызы ыстан уланып, көз жұмды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында әкесі мен қызы өз үйінде ыстан уланып, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмолада қария мен қызы ыстан уланып, көз жұмды

Оқиға Атбасар ауданының Мариновка ауылында орын алған. 75 жастағы зейнеткер мен оның 40 жастағы қызының денесі өз үйінен табылған.

«Алдын ала мәлімет бойынша 1943 жылы туған әкесі мен 1978 жылғы қызының ыстан уланғаны белгілі болды», - деп түсіндірді Ақмола облысының ПД баспасөз қызметінен.

Ведомствоның дерегі бойынша, қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалды.