Ақмолада коронавирус жұқтырған екі әйелге қатысты тың деректер жарияланды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында тағы 2 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне сілтеме жасап.
«Бұл жолы коронавирус Астрахан ауданының тұрғындары 1993 жылғы екі әйелден табылды. Оның біреуі - Астрахан кентінде, екіншісі Новочеркаск ауылында тұрады. Екеуі де ЖРВИ белгілерімен медициналық көмекке жүгінген. Дене қызуы 38 градусқа дейін көтеріліп, әлсіздікке, жөтелге шағымданған. Науқастарға бекітілген клиникалық хаттамаға сәйкес медициналық көмек көрсетіледі» дейді ведомстводан.
Астрахан аудандық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы үй ошағында эпидемияға қарсы дезинфекциялау, сондай-ақ, науқастармен байланысты болған адамдары анықтау бойынша санитарлық-эпидемиологиялық шараларды жүргізеді.
«Ақмола облысында осымен COVID-19 жұқтырғандардың саны 186 адам болды. Ал, жазылып шыққандар 141 адамға жетті» деп толықтырды ведомстводан.