Ақмолада мал дәрігері малшылармен сыбайласып ұрлық жасады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында мал дәрігері мен малшылар бірлесіп фермадағы ұсақ малды ұрлағаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 13 қазан күні Атбасар аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне Родионовка ауылының тұрғыны хабарласып, ферма аумағынан ұсақ малдың жоғалғаннын айтқан.

«Жедел-іздестіру шарасы барысында полицейлер мал дәрігері мен 3 малшыны күдікке алады. Тергеу кезінде күдіктілер қылмысын мойындайды. Күдіктілер 2 күн бойы ферма аумағынан 10 бас ұсақ малды жымқырған. Осылайша мал иесіне 400 мың теңге көлемінде шығын келтірілді», деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі кезде күдіктілердің үстінен ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда. 

Соңғы жаңалықтар