Ақмолада сертификатталмаған 381 қорап пиротехника тәркіленді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмолалық тәртіп сақшылары пиротехникалық өнімдерді заңсыз саудалаудың 13 фактісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмолада сертификатталмаған 381 қорап пиротехника тәркіленді

Ведомствоның мәліметінше, облыс аумағында 2019 жылдың 17 желтоқсанынан бастап 2020 жылдың 3 қаңтарына дейін «Пиротехника» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр.

«Шараның алғашқы бес күнінде-ақ Ақмола облыстық ПД қызметкерлері 42 рейд ұйымдастырып, пиротехникалық өнімдерді тиісті құжатсыз саудалаудың 13 фактісін анықтады және сертификатталмаған 381 қорап пиротехника тәркіленді. Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 196-бабы негізінде хаттама толтырылып, жалпы соммасы 381 мың теңге айыппұл салынды», - деді ведомстводан.

Полицейлердің айтуынша, пиротехникалық өнімдерді тиісті лицензиясы бар арнайы орындардан ғана сатып алуға болады.