Ақмолада «Ұлы Дала Елінің киелі мұрасы» акциясы мəресіне жетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Қазақстан халқы ассамблеясының «Ұлы Дала Елінің киелі мұрасы» атты республикалық тарихи-экологиялық акциясының 3-ші кезеңі мəресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетаудағы "Қоғамдық келісім" мекемесінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бір аптаға жалғасқан акция барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы облыстық штабының мүшелері Біржан сал, Бұланды, Бурабай аудандарының киелі орындарын аралап көрді. Атап айтсақ Біржан сал ауданында орналасқан Қоғам ауылындағы Шаймерден Қосшығұлов атындағы мұражайда, Степняк қаласындағы Біржан сал зираты мемориалдық кешенінде, Бұланды ауданындағы Балуан Шолақ зиратының  культтік кешенінде, Қарасай, Ағынтай батырлардың мемориалды кешенінде, Айғаным, Ботай киелі қоныстарында  экспедиция жүргізді.

«Аталған акция Елбасының бастамасымен қолға алынып, қазақстандықтардың бай мәдени мұрасын және шығармашылық әлеуетін нығайтуға бағытталған «Рухани жаңғыру» ұлттық сананы рухани жаңғырту мен жаңартудың ұлттық идеясын іске асыруда нақтылы қадам болды»,- дейді ұйымдастырушылар.

Акцияның соңғы күні Айыртау ауданындағы Айғаным қонысында «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы штабының мүшелері келесі эстафета кезеңін, оның символикасы болып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясының туын және фотоальбомын солтүстікқазақстандық əріптестеріне табыстады. Сонымен қатар, естелік сый ретінде «Қазақтың батырлық жырлары» үш томдық кітабын тарту етті.

null
null

Соңғы жаңалықтар