18:56, 07 Ақпан 2019 | GMT +5
Ақмолада үсік шалған 7 адам дәрігердің көмегіне жүгінді
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында үсік шалған 7 адам дәрігердің көмегіне жүгінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 ақпанда жедел медициналық көмек көрсету қызметіне үсік шалған 5 адам хабарласқан. Оның 3-еуі аудандардан болса, екеуі - Көкшетау қаласының тұрғындары.
Сонымен қатар, Ақмола облыстық ауруханасына бетін және қолдарын үсітіп алған екі адам көмек сұрап келді.
Зардап шеккендердің барлығына медициналық көмек көрсетілді.