Ақмолада үсіп қалған ер адамның мәйіті табылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақмола облысының Степногор қаласында үсіп қалған ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмолада үсіп қалған ер адамның мәйіті табылды

Ведомствоның мəліметіне қарағанда, ер адамның мәйіті желтоқсанның 19-нан 20-сына қараған түні Степногор қаласындағы көшелердің бірінде табылған. Алдын ала деректерге қарағанда, ер адамның жасы   40-50 жас шамасында жəне суықта қатып қалған.

«Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр, ер адамның аты-жөні анықталуда», - деп түсіндірді ведомстводан.