Ақмолада волонтерлер денсаулығы нашар жандарға дәрі-дәрмек жеткізуде

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында волонтерлер денсаулық жағдайы бойынша есепте тұрған адамдарға қажетті дәрі-дәрмекті үйіне жеткізіп беруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмолада волонтерлер денсаулығы нашар жандарға дәрі-дәрмек жеткізуде

Бұл туралы Ақмола облыстық жастар ресурстық орталығының жанындағы Волонтерлерді қолдау орталығы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Волонтерлерді қолдау орталығының маманы Кеңес Аңсардың айтуынша, волонтерлер 2 күн ішінде 30-дан астам үйді аралап, денсаулық жағдайы бойынша есепте тұрған адамдарға қажетті дәрі-дәрмекті жеткізіп берді.

«#bizbirgemiz акциясы шеңберінде қолға алынған акцияның мақсаты - коронавирус инфекциясының таралу қаупі жағдайында азаматтардың байланысын барынша шектеу. Қайырымдылық акциясына қолдау көрсетіп біздің медицина саласындағы қызметкерлеріне көмектесейік», - дейді акцияға қатысушылар.