Ақмолада жас суретшілердің байқауы өтті
Шараға өңірдегі 14 ауданнан және Астана, Степногорск, Көкшетау қалаларынан келген 10-18 жас аралығындағы 100 бала қатысты.
Қазақстан Республикасы Суретшілер және Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшелерінен, жоғарғы оқу орындарының мұғалімдерінен құрылған кәсіби қазылар алқасы үш жас деңгейінде жіктелген топтардан жеңімпаздарды анықтады.
«Мақтанышым - менің Астанам» номинациясы бойынша көкшетаулық Шадияр Сегізбаева мен Анастасия Симоченко жеңіске жетті. Екінші орынды көкшетаулық Болат Рахат еншілесе, үшінші орынға Сандықтау ауданынан келген Дарья Мукопадова және қорғалжындық Нұрай Исманова ие болды.
«Рухани жаңғыру - жаңару жолы» номинациясы бойынша ең үздік болып зеренділік Эльмира Жексембина және көкшетаулық Айым Қосжан танылды. Осы номинацияда екінші және үшінші орынды Диана Сақиева, Кәмила Әбішева, Қайдар Нұрислам және Қамбар Сахидолла, Лолита Аушева қанжығаларына байлады.
Жеңімпаздар алғыс хаттармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.