Ақмолада жазасын өтеп жатқан педофил ең қауіпті қылмыскерлер отыратын «жабық» түрмеге ауыстырылды

Ақмола колониясының ішкі тәртіп режимін бұзған педофил аса қауіпті қылмыскерлер отыратын Қазақстандағы жалғыз «жабық» түрме — Арқалық колониясына ауыстырылды, деп хабарлайды Kazinform Ақмола облысы ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

түрме
Фото: Kazinform

Ведомствоның мәліметінше, Серік есімді педофил бірнеше жылдан бері Ақмола колониясында жазасын өтеп келген. Бірінші күннен бастап ол өзін дұрыс ұстамаған, түрме әкімшілігіне дөрекілік танытып, өзге сотталушылармен жанжал шығарып отырған. Тіпті, ешкімнің сөзін елемеген.

Ол көпбалалы отбасынан шыққан, шалғайдағы шағын өзбек ауылында өскен. Мектепті 7-сыныптан тастап кеткен. Жаз бойы қой бағып күнелткен. Кейін өсе келе, астанаға қоныс аударады. Сонда дүкенші болып жұмыс істейтін Айгүл есімді әйелмен танысып, кейін бірге азаматтық некеде тұрған.

Әйелдің 12-13 жас аралығындағы екі ұлы болған. Анасының таңертеңнен кешке дейін жұмыста болғанын пайдаланған педофил екі баланы бір жыл бойы зорлап келген. Оны анасы да білмеген, балаларды «аналарыңа айтсаңдар, оны өлтіремін» деп қорқытқан.

Кейін әбден қорлық көрген ұлдарының бірі полицияға хабарлап айтады. Осылайша, педофил Ақмола колониясынан бір-ақ шығады. Алайда, бірнеше жыл бойы түрме қабырғасында жазасын өтеп жүрген Серік колонияның ішкі тәртіп режимін талай мәрте бұзған.

«Үнемі түрме әкімшілігі мен қызметкерлеріне дөрекілік танытып, өзі сияқты сотталғандармен жанжал шығарады. Түрме қызметкерлерін балағаттап, қорлағаны үшін бірнеше рет ескерту де алды. Осындай қылығы үшін сот тарапынан 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Колонияның ішкі тәртіп режимін жиі бұзғаны үшін аса қауіпті қылмыскерлер отыратын Қазақстандағы жалғыз «жабық» түрме — Арқалық колониясына ауыстырылды", - деді Ақмола облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола колониясында сотталғандарға күш қолданғандығы туралы жазған едік.