Ақмолада жол апатына ұшыраған көлікте қалып қойған адам құтқарылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Астрахан ауданында жол апатына ұшырап, зардап шеккен адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмолада жол апатына ұшыраған көлікте қалып қойған адам құтқарылды

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, желтоқсанның 23-де «Екатеринбор-Алматы» тасжолының 1140-шы шақырымында 2 жүк көлігі соқтығысқан.

«Оқиға орнына дереу Астрахан ауылындағы №19 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мен техникасы, Астрахан аудандық төтенше жағдайлар басқармасының жедел тобы жетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан мыжылған автокөлік кабинасынан бір адамды алып шығу қажет болды», - деді ведомстводан.

Құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында зардап шеккен адам көліктің ішінен шығарылып, жедел-жәрдем бригадасына тапсырылды.