Ақмоладағы үш айлық нәрестенің өлімі: Әкім жағдайды өз бақылауына алды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетауда көз жұмған үй айлық нәрестенің өліміне байланысты тексеруді өз бақылауына алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмоладағы үш айлық нәрестенің өлімі: Әкім жағдайды өз бақылауына алды

«Облыс орталығында үш айлық баланың көз жұмған фактісі бойынша жағдайды бақылауыма алдым. Менің орынбасарым, Айна Мысырәлімова төрайым болып бекітілген комиссия мәселенің егжей-тегжейін зерттеуде, қорытындысы БАҚ-та жарияланатын болады. Баланың ата-анасына және туыстарына өз көңілімді білдіремін», - деп жазды аймақ басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салсақ, Ақмола облысында үш айлық сәбидің көз жұмғаны және осы оқиғаға қатысты дәрігерлердің тексеріліп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.