Ақмолалық әйел шетелдіктерге жалған анықтама жасап келген

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Ақмола облысында шетел азаматтары үшін жалған анықтама құжаттарын жасап келген күдікті ұсталды.

көші-қон қызметі
Фото: Мұхтар Холдорбеков/https://Кazinform

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Аршалы кентінің тұрғыны 2022-2023 жылдар аралығында аудан аумағына келген шетел азаматтарының жұмысқа орналасуы үшін жалған медициналық анықтама жасап келген.

«Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 394-бабының 1-бөлігі «заңсыз көші-қонды ұйымдастыру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», -деді ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында іздеуде жүрген 5 қылмыскер ұсталғанын жазған едік.