Ақмолалық полицейлер боранда жолда қалған 600-ге жуық көлікті алып жүрді
АСТАНА. KAZINFORM — Іс-шараларға 49 полиция қызметкері мен 24 патрульдік автокөлік жұмылдырылды, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.
9-10 қарашада автомобильдердің көп жиналуына байланысты, облыстық ПД патрульдік полиция батальоны мен ротасының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында үш бағанды ертіп жүруді ұйымдастырды.
— Тәртіп сақшылары Астана-Петропавл және Астана-Ерейментау-Шідерті автожолы бойынша жүретін 500-ге жуық жеңіл және 150-ге жуық жүк көлігін ертіп жүрді. Іс-шараларға 49 полиция қызметкері мен 24 патрульдік автокөлік жұмылдырылды, — делінген ведомство хабарламасында.
Бүгін кешке ауа райының қолайсыздығына байланысты қозғалыс тағы да шектеледі. Осыған байланысты Ақмола полицейлері автокөлік иелеріне қозғалыс бағыттарын түзетуді сұрайды. Сондай-ақ, ауа райының өзгеруі және жолдардың жабылуы туралы арнайы қызметтердің хабарламаларына мән беруді сұрайды.
Еске салсақ, Астана әуежайында 6 рейс кешіктіріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.