Ақмолалық волонтерлер су тасқынымен белсенді күресіп, тұрғындарға көмектесіп жатыр
КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Ақмола облысында волонтерлер су тасқынымен күресу және алдын алу шараларына атсалысып жатыр. Волонтерлер қар күреу, арықтарды тазалау жұмыстары кезінде және құтқарушылар мен су тасқынынан зардап шеккендерді ыстық тамақпен қамтамасыз етуде белсенділік танытты.
Целиноград ауданының Қараөткел ауылында волонтерлер қарт адамдар тұратын үйлердің аулаларындағы қарды күреп, су ағатын жыраларды тазартуға көмектесуде. Бұдан бөлек, волонтерлер ауылдағы үйлерге су кірмеуі үшін 500 қапқа құм толтырып қойды. Осындай жұмыстары Қошқарбаев және Қабанбай ауылдарында қолға алынды, мұнда әрі ауылда 750 қаптан әзірленді. Сонымен бірге, волонтерлер су тасқынынан жапа шеккендер мен құтқарушыларды ыстық шай және тамақпен қамтамасыз етіп жатыр.
Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылының аумағында су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында топырақтан тұрғызылған жасанды бөгеттің осал тұсын нығайту үшін 150 адам, 4 арнайы техника жұмылдырылған. Онда волонтерлердің көмегімен 200 тонна инерттік материалдар қаптарға салынып, төселді. Сонымен қатар қаланың жеке шағын аудандарында 9 арнайы техника қарды күреп шығарып жатыр. 19 шағын ауданда, Арал және Қажымұқан көшелерінде 5 сусорғыш машина еріген қар суын соруда. Тайтөбе ауылында ұзындығы 1 шақырым болатын су бөгеті тұрғызылды. Онда 3 арнайы техника жұмыс істеп жатыр.

Ерейментау аданының жастар ресурстық орталығының және Агротехникалық колледжінің волонтерлері қала әкімдігіне су тасқынына қарсы жұмыста көмек көрсетіп жатыр. Жеті волонтерлер қаптарды инертті материалмен толтырып, су басу қаупі бар тұрғын үйлердің айналысына қойды.
Бурабай ауданында қазіргі уақытта жағдай тұрақты. Дегенмен Щучье қаласында жастар ресурстық орталығы мен «Лидер.кз. Доброе сердце» қоғамдық қорының 5 адамнан тұратын волонтерлері су тасқынының алдын алу жұмыстарымен айналысып жүрген коммуналық қызметтер мен ТЖД қызметкерлеріне ыстық шай, бауырсақ үлестіріп жатыр.

Атбасар ауданында 15 адамнан тұратын волонтерлер штабы құрылды. Олар су басу аймағында тұратын тұрғындарға хабарламалар таратып жатыр. Сондай-ақ жалғызбасты зейнеткерлер тұратын үйлердің маңын қардан тазартып, су ағарларын ретке келтірді.
Аршалы ауданында волонтерлер су тасқынына қарсы күресіп жатыр. Зеренді ауданының Шағалалы ауылынан 20, Садовый ауылынан 5 және Алексеевка ауылынан 10 волонтер су тасқынына қарсы күресуде белсенділік танытты.
Сандықтау ауданында штаттық режимде жұмыс жүргізіліп жатыр. Осы кезеңде волонтерлер негізінен жалғызбасты зейнеткерлерге көмектесуді назарға алды. Олар тұрғын үйлерді судан қорғау үшін ауладағы ергін қар суын сыртқа ағызу үшін жыралар жасады. Әр ауылдық округте 7-10 волонтерден бар. Шамамен барлығы 70-85 волонтер атсалысып жатыр.

Ал Көкшетау қаласы бойынша Ақмола облысы «Волонтерлерді қолдау орталығы» фронт-кеңсесі және «Доброе сердце. Лидер.кз» қоғамдық қорының волонтерлері ТЖД және ПД қызметкерлерін, коммуналдық қызмет жұмысшыларын, сондай-ақ сут тасқынынан зардап шеккендерді ыстық тағамдармен қатамасыз етті.
Сонымен қатар волонтерлердің көмегімен су басу қаупі бар аумақтарға инертті материалдар төсеу, арықтарды ашу және қар мен мұздан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта Көкшетау қаласында екі мекенжай бойынша гуманитарлық көмек орны бекітіліп, пункт қажетті заттарды қабылдап жатыр. Соның бірі Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығы жанындағы «Волонтерлерді қолдау орталығы» фронт-кеңсесі мен «ҚР Қызыл Жарты Ай» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облысы бойынша филиалы бірлесіп ұйымдастырған М.Сағдиев көшесі 29, 1 қабат мекенжайда орналасқан пункті.

«Бүгінгі күні аталған қабылдау пунктінде 800 кг жуық қажетті зат жиналды. Шамамен 50 волонтердің қатысуымен су тасқыны салдарынан зардап шеккен 50 адамға гуманитарлық көмек көрсетілді», - деді Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығының қызметкері Жеңіс Балабеков.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысына Астана қаласынан 85-ке жуық техника көмекке келгенін жазған едік